Бірінші қадам.
Сауда ұсынысын әзірлеу үшін өтінім беріңіз in@qwmo.net
Мәселені еркін түрде баяндаңыз:
Екінші қадам.
1-2 жұмыс күні ішінде біздің компаниямыздың менеджерлері Сіз көрсеткен барлық деректерді ескере отырып, Сіздің поштаңызға әзірленген сауда ұсынысын жібереді.
Қажет болған жағдайда біздің менеджер нюанстарды нақтылау үшін контактілері тапсырыста көрсетілген Сіздің компанияныздың маманымен байланысады.
Егер де Сіз сауда ұсынысының шарттарымен келісіп, біздің компаниямызбен жұмыс істеу шешімі туралы хабарласаңыз, біздің заңгеріміз келісімшарттың белгілі бір шарттарын дайындап, Сізбен талқылайды, оларға біз ЭСҚ арқылы IDocs.kz платформасында дереу қол қоя аламыз.
Егер де Сіз Сауда ұсынысының кейбір жағдайларымен келіспесеңіз, міндетті түрде компания менеджерімен хабарласыңыз, оның контактілері сауда ұсынысы бар хатында көрсетілген. Кейде біз ымыраға келе аламыз, алайда бұл міндетті емес!
– Келісімшартқа басшылардың «жанды» қолдары мен «көк» мөрлері қойылуы мүмкін, осы жағдайда келісімшартқа қол қою рәсімі белгісіз уақытқа созылып кетіп, біз келісімшарт шарттарын атқаруды бастай алмаймыз (басқа сөзбен айтқанда, Сіз қалдықтарды шығару туралы тапсырысын бере алмайсыз).
Үшінші қадам.
Келісімшартқа қол қойған сәттен бастап кәдеге жарату үшін қауіпті қалдықтарды шығару туралы тапсырысын қалдыра аласыз.
Тапсырыс шығарудың жоспарланған күніне дейін 3 жұмыс (!) күні бұрын біздің компаниямыздың келісімшарттарды орындау бойынша департаменті арқылы рәсімделеді.
Қауіпті қалдықтарды тасымалдағаннан және кәдеге жаратқаннан кейін (бұл біраз уақыт алады), біз құжаттардың қажетті жиынтығын рәсімдейміз, ол электронды-сандық түрде қол қою үшін IDocs.kz платформасында орналастырылады.
Өзара ынтымақтастық туралы барлық қажетті ақпаратты біздің компаниямыздың осы ақпараттық қорынан таба аласыз.
Біздің барлық мамандарымыздың контактілері мында орналасқан www.4920.kz
Электронды-сандық құжатқа өту туралы мында және мында
Сізге және Сіздің бизнесіңізге деген құрметпен,
«Қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық оператор» ЖШС